Жұмыстан кеткен қызметкерлердiң арасында тұрақтамау себептері бойынша жұмыстан босатылғандар 84,7 пайызды, қызметкерлер санының қысқартылуына немесе кәсіпорынның таратылуына байланысты - 2 пайызды, басқа себептер бойынша кеткендер 13,3 пайызды құрайды.
Агенттік мәліметтеріне қарағанда, ағымдағы жылғы маусымда қабылдау бойынша айналым коэффициенты - 2,4 пайыз, жұмыстан босату бойынша айналым - 2,4 пайыз, жұмыс күшінің тұрақсыздық коэффициенті 2,0 пайызды құрады. Осы кезеңде жұмыс күшін ауыстыру коэффициенті 99,2 пайызды құраған.