«Маусымның 1-і мен 27-сі аралығында елордаға 96 мм жаңбыр жауды. Бұл үш айлық нормамен пара-пар. Ал кеше, 27 маусымда 1 тәуліктің үшінде 39 мм жауын жауды. Ал бір айлық норма 37 мм құрайды», - делінген таратылған ақпаратта.
«Қазгидромет» мәліметінше, шілде айында елордада 23 33 градус ыстық болады. Дегенмен, ай бойы қысқа уақытқа күн салқындап отырады. Жаңбыр жауып, ұйытқып жел соғады. Түнде 7 12, ал күндіз 17 23 градусқа дейін ауа температурасы төмендейді.
Айта кетейік, кеше елордада қатты жауын жауып, қаланың бірқатар көшесін су басқан еді.