«Ғылымның инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында Парламентпен жеке инвестициялар үшін қосымша преференциялар енгізуді пысықтау жұмыстарын жеделдету қажет», - деді Әлихан Смайылов.
Оның пайымынша, ғылым саласының заңнамалық базасын қайта қарау керек.
«Ғылым және технологиялық саясат туралы» жаңа заң жобасын әзірлеп, оны маусым айында Парламентке енгізу қажет», - деді Үкімет басшысы.