08:20, 27 Наурыз 2009
Маусым айында Петерборда Дүниежүзілік астық форумы өтеді
САНКТ-ПЕТЕРБОР. Наурыздың 27-сі. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Ағымдағы жылы маусымның 6-7-сі күндері Санкт-Петерборда Дүниежүзілік астық форумы өтеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Жыл сайын өтетін Петербор халықаралық экономикалық форумына орайластырылып отырған бұл жиынға дайындық жүргізу жөніндегі ұйымдастыру комитетін Ресейдің бірінші вице-премьері Виктор Зубков басқарады.Форумға бірқатар мемлекеттердің басшылары, «сегіздік» елдерінің ауыл шаруашылығы министрлері, жетекші халықаралық ұйымдардың, ұлттық және трансұлттық астық компанияларының, қаржы және банк құрылымдарының басшылары қатысады деп күтілуде. Форумның негізгі мақсаты - «Сегіздік тобының» қорытынды құжатында көрсетілген өзекті мәселелерді шешудің жолдарын іздестіру және талқылау.