2014 жылғы маусымда жұмыссыздар саны, бағалау бойынша 459,8 мың адамды, жұмыссыздық деңгейі 5,0% құрады. Агенттіктің мәліметінше, мамырда жұмыссыздық көрсеткіші 5,1%-ды құраған болатын, осылайша маусымда 0,1%-ға төмендеу тіркелген.
Статистика агенттігінің мәліметінше, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту органдарында 2014 жылғы маусым айының соңына 55,6 мың адам ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздар үлесі экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 0,6%-ын, 2013 жылғы маусымда - 0,7%-ын құрады.
Республика экономикасында 2014 жылғы маусымда, бағалау бойынша 8,6 млн адам жұмыспен қамтылды. Өткен жылғы сәйкес кезеңге қарағанда олардың саны 63,1 мың адамға немесе 0,7%-ға көбейді. Жалдамалы қызметкерлердің саны аталған кезеңде 6,0 млн адамды, жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 69,8% құрады.