Толықтай алғанда, аталған пәтерлер бойынша 2330 жолдама беріліп, 1444 қатысушы төлем қабілетін растады және жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй комиссиясы 1181 қатысушының төлем қабілетін қуаттады. Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» партиясы фракциясы комиссиясының бюджет қаржысын тиімді пайдалану мәселесіне арналған отырысында аталған холдингтің басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаев мәлім етті.
Холдинг баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, сәуір-мамыр айында қосымша Шымкент, Ақтөбе, Павлодар қалаларында 1122 пәтерді бөлу басталды. Қазіргі сәтте жергілікті атқарушы органдардан 660 жолдама беріліп, 423 қатысушы төлем қабілеті бар екендігін дәлелдеді және жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй комиссиясы 95 адамның төлем қабілетін растады.
«Маусым-шілде айларында Астана, Алматы, Тараз, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар және Алматы облысында 740 пәтерді бөлу басталады», - деді холдинг басшысы Қ.Бишімбаев.