«Жедел деректерге сәйкес, ірi және орта кәсiпорындарға және ұйымдарға 2012 жылғы маусымда 76,6 мың адам қабылданды, түрлі себептермен - 73,7 мың адам жұмыстан кетті. Жұмыстан кеткен қызметкерлердiң арасында өз еркі бойынша жұмыстан босатылғандар 82,2, қызметкерлер санының қысқаруына байланысты босатылғандар-2,4, басқа себептер бойынша босатылғандар 15,4 пайызды құрайды», - делінген хабарламада.
Ведомствоның атап өтуінше, 2012 жылғы маусым айында жұмысқа қабылдау бойынша айналым коэффициенті 2,4, жұмыстан босату бойынша айналым - 2,3, ал жұмыс күшінің тұрақсыздық коэффициенті - 2,0 пайыз болған. Осы кезеңде жұмыс күшін ауыстыру коэффициенті 104,0 пайызды құрады.