Ведомствоның ақпаратына сәйкес, өткен жылғы сәйкес кезеңге қарағанда олардың саны 337,1 мың адамға немесе 4,1 пайызға көбейген. Жалдамалы қызметкерлердің саны аталған кезеңде 5,8 млн. адамды (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 68,1 пайызын) құрады.
2012 жылғы маусымда жұмыссыздар саны, бағалау бойынша, 470,6 мың адамды, жұмыссыздық деңгейі 5,2 пайызды құрады. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту органдарында 2012 жылғы маусым айының соңына 60,8 мың адам («Жұмыспен қамту бағдарламасы-2020» қатысатындар құрамына енгізілген тұлғалардың есебінсіз) ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздар үлесі экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 0,7 пайызын құрайды (2011 ж. маусымда - 0,7пайыз).