Маусымда Алматыда күнкөрістің ең төменгі деңгейі 22 480 теңгені құрады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 2014 жылдың маусымында Алматы қаласы бойынша күнкөрістің ең төменгі деңгейі 22 480 теңгені құрады.

Бұл туралы Алматы қаласының статистика департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Күнкөрістің ең төменгі деңгейі орта есеппен халықтың жан басына шаққанда мамыр айымен салыстырғанда 6,5 пайызға, ал өткен 2013 жылдың маусым айымен салыстырғанда 10,2 пайызға артқан.

Ет және ет өнімдерін сатып алуға шығындардың 19,4 пайызы, өсімдік майлары мен мал майларына - 3,3, сүт, ірімшік және жұмыртқаға -12,3, шай мен дәмдеуіштерге - 1,9, жеміс-жидек пен көкөніске - 14, балыққа - 2,1, нан өнімдері мен жармаларға 7 пайызы жұмсалған.

Айта кетейік, күнкөрістің ең төменгі деңгейі 2014 жылдың маусым айындағы негізгі азық-түлік түрлерін тұтынудың ең төменгі нормасын есептеу арқылы алынды.