Маусымда инфляция 0,3 пайызды құрады - Статистика
18:52, 10 Шілде 2013
АСТАНА. 10 шілде. ҚазАқпарат - 2013 жылғы маусымда экономиканың жекелеген сегменттерiндегі бағалар өзгердi, деп хабарлады ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен.
- Ведомствоның атап өтуінше, 2013 жылғы маусымда инфляция 0,3 пайызды құрады. Баға құрылыста бір ай ішінде - 0,2, көтерме саудада 0,1 пайызға өсті, ал ауыл шаруашылығында - 1,4, өнеркәсіпте - 0,6, орман шаруашылығында 0,4 пайызға төмендеді.
- «Жүк көлігімен тасымалдау тарифтеріне, заңды тұлғаларға көрсетілген почталық, курьерлік және байланыс қызметтеріне өзгеріссіз қалды»,- делінген хабарламада.