деп хабарлады ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен.
Ведомствоның ақпараты бойынша, жалақының өсуі 2010 жылғы маусыммен салыстырғанда 8,7 пайызға жетіп отыр. Ал нақты жалақы индексі 2010 жылғы маусымда 100,2 пайызды құрады.
2011 жылғы маусымда халықтың орташа жан басына атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 44625 теңгеге жетті. Өсім 2010 жылғы маусыммен салыстырғанда атаулы ақшалай табыстар үшін 9,4, нақты ақшалай табыстар үшін 0,9 пайызды құрады.