Маусымда өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағасы 3,4%-ға төмендеді - Статистика

АСТАНА. 1 шілде. ҚазАқпарат - /Марлан Жиембай/ - Ағымдағы жылғы маусымда мамырмен салыстырғанда өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындардың баға индексі 96,6%-ды құрады.

Өндірілген өнім 3,6%-ға арзандады, өндірістік сипаттағы қызметтерге баға өзгерісссіз қалды. Бағаның төмендеуі кен өңдеу өнеркәсібінде 4,8%, өңдеу өнеркәсібінде - 0,7%-ға байқалды. Бұл туралы Қ Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Өткен айда бағаның газ конденсатына 7,9%, металл кендеріне - 6%, мұнайға - 4,6%, дизель отынына - 3,5%-ға төмендеуі, сұйытылған пропан мен бутанға - 8,2%, отындық мазутқа - 8%, бензинге - 4,7%-ға жоғарылауы тіркелді.

Бір айда баға қымбат металдарға 7,3%, мысқа - 5,4%, алюминийге - 3,5%, ферроқорытпаларға - 2,4%-ға төмендеді, қорғасынға - 10,2%-ға, қара металдар илегі мен мырышқа - 0,6%-дан жоғарылады.

Құс еті 4,7%, жармалар - 3,3%, балық - 1,2%, қант - 1%, бидай ұны - 0,9%-ға арзандады, өсімдік майы - 2,5%, маргарин - 1,6%, сусындар - 1,2%, сүт өнімдері - 0,8%-ға қымбаттады.