Маусымда тұрғын үй нарығындағы бағаның өзгеруі байқалды
11:22, 08 Шілде 2010
АСТАНА. Шілденің 8-і. ҚазАқпарат - 2010 жылғы маусымда өткен аймен салыстырғанда жаңа тұрғын үйді сату бағасы 0,3 пайызға көтерілген.
Бұл ақпаратты ҚР Статистика агенттігі таратып отыр. Сонымен қатар көркейтілген тұрғын үйлерді алып-сату - 0,4, көркейтілмеген үйлерді сату 0,5 пайызға жоғарылап, ал көркейтілген тұрғын үйлерді жалға беру өзгеріссіз қалып отыр.
Тұрғын үй нарығындағы бағаны бағамдау Астана, Алматы қалаларында және облыс орталықтарында құрылыс компаниялары мен қалалық қор бойынша жылжымайтын мүлік операцияларын жүзеге асыратын ұйымдардың іріктелген шеңбері бойынша жүргізіледі.