2013 жылғы маусымда қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы (алдын ала деректер) 109 962 теңгені құрап, 2012 жылғы маусымға қарағанда 4,8 пайызға өсті. Нақты жалақы индексі (алдын ала деректер) 2012 жылғы маусымға 99 пайызды құрады.
- «Биылғы маусымда жұмыссыздар саны бағалау бойынша 468 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халық санының 5,2% пайызын құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2013 жылғы маусымның соңына 58,9 мың адамды қамтыды немесе экономикалық белсенді халық санының 0,7 пайызы. Жасырын жұмыссыздық деңгейі бағалау бойынша экономикалық белсенді халық санының 0,4 пайызын құрады», - делінген агенттік мәліметінде.