АСТАНА. KAZINFORM — Мавритания жағалау күзеті Мавританияның оңтүстік-батысындағы Ндиаго қаласының маңынан 89 заңсыз мигранттың мәйітін тапты, деп жазады Синьхуа.
Мигранттар Атлант мұхитының жағасындағы Ндиаго қаласынан төрт шақырым жерде тұрып қалған балықшылар қайығының бортынан табылды.
Хабарламада тоғыз адамды, оның ішінде бес жасар қызды Мавртания жағалау күзеті құтқарып қалғаны айтылған.
Тірі қалғандардың айтуынша, қайық алты күн бұрын Сенегал-Гамбия шекарасынан шығып, Еуропаға қарай бет алған. Оның бортында 170 мигрант болды.
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.