Мавританияда президент сайлауы басталды

АСТАНА. KAZINFORM — Президенттік сайлаудың бірінші кезеңі жергілікті уақыт бойынша таңғы 07:00-де басталды. Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлады.

Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

Сайлаушылар жеті кандидаттың ішінен таңдап, жаңа үміткер Бирама ульд Даха ульд Абейдаға да дауыс беріп жатыр. Ол  2014 және 2019 жылдары сайлауда екінші орын алған болатын. Кандидаттардың арасында президенттік тақтан кеткен бұрынғы басшы Мохамед ульд Газвани да бар. Экс президенттің басты қарсыласы Бирама ульд Даха ульд Абейда болып отыр.  

Президенттік сайлауға жауапты тәуелсіз, ұлттық сайлау комиссиясы 1,9 миллион сайлаушы дауыс бергенін жариялады. 

Дауыс беру жергілікті уақыт бойынша  19:00 аяқталған. Сайлаудың ресми қорытындысы алдағы екі күнде жарияланатын болады. Сайлаудың екінші кезеңі 14 шілдеге белгіленген.