Infox.ru хабарлағандай, Мавродидің айтуынша, оған қарсы қылмыстық істің қозғалғаны туралы қауесеттің салдарынан адамдар МММ-2011 пирамидасынан ақшаларын алуға жаппай ұмтылған. «Параллельді пирамида құрудың мәнісі неде? Ол не үшін қажет? Қазіргі түйткілдердің жаңа пирамидаға қатысы болмайды. Ол жаңадан басталмақ. Ескі пирамида бұдан да төмен жағдайда ешбір қиындықсыз, бір жарым жыл жұмыс жасаған еді. Қазір біраз төселді, тәжірибе бар, бұл жүйеге берілген әрі жақсы жұмыс жасайтын жетекшілер бар, барлығы анық. Нобайы әбден жетілдірілген!» - деп Мавроди өз сайтында хабар таратып үлгерді.
Айта кетейік, МММ-2011 жүйесіне бір жарым жыл ішінде дүниежүзі бойынша 35 миллионнан астам адам кірген.