Майами мастерс турнирінде Путинцева Рыбакинамен ойнайды

Фото: ҚТФ

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші, әлемнің 75-ракеткасы Юлия Путинцева Майами (АҚШ) WTA 1000 турнирінің екінші айналымына шықты. 

Қазақстандық теннисші бастапқы бәсекесін әлемнің 40-ракеткасы, индонезиялық Джанис Тьенмен өткізді. Бұл олардың өзара бірінші кездесуі еді. 

Бірінші партия 6:3 есебімен Тьеннің еншісінде кетті. Бұдан кейін Путинцева камбэк жасай білді — 6:3, 6:4.

Екі сағат 6 минутқа созылған тартысты матчта Путинцева 2 эйспен бірге 8 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Тьен 12 эйс жасап, 2 брейкпен (6 брейк-пойнт) көзге түсті. 

Юлия Путинцева үшінші айналымға шығу үшін Қазақстанның бірінші, әлемнің 2-ракеткасы Елена Рыбакинамен таласады. 

Е.Рыбакина 2023 және 2024 жылдары Майамиде финалға дейін жеткен еді. Өткен жылы Путинцева да, Рыбакина да екінші айналымнан аса алмаған болатын.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Бейбіт Жұқаевтың жұптық сында Мексикадағы жарыстың ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз.

18 жастағы Әмір Омарханов бір күнде екі матчты жеңіспен түйіндеді.