Тағы бірнеше адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. АҚШ Көлік министрі Шон Даффидің айтуынша, оқиғаны АҚШ Федералдық азаматтық авиация басқармасы (FAA) тексеріп жатыр.
– Бес адамның қаза тапқанын және тағы бес адамның жарақат алғанын білеміз, – деді Майами-Дейд округінің басшысы Даниэлла Левин-Кава оқиғаға қатысты өткен баспасөз мәслихатында.
«FAA тергеу жүргізу үшін инспекторларын жіберді», – деп жазды Шон Даффи X әлеуметтік желісіндегі парақшасында. Оның айтуынша, Amazon компаниясына тиесілі жүк Boeing ұшағы ұшу-қону жолағынан шығып кеткен Майами әуежайында ұшып шығуға уақытша тыйым салынды.
Министр жолаушылар ұзақ уақытқа созылатын кідірістерге тап болуы мүмкін екенін ескертті.
Бұған дейін куәгерлер ұшу-қону жолағынан шығып кеткен ұшақтан қою түтін шыққанын хабарлаған.
Еске сала кетсек, жақында Атырау әуежайына шұғыл қонған шетелдік ұшақтың жолаушысы көз жұмды.