Федерация 23 наурызда басталатын WTA 1000 Miami Open presented by Itaú санатындағы турнирде қазақстандық теннисші қыздардың кіммен ойнайтыны белгілі болды деп хабарлады.
Қазақстан құрамасының капитаны Ярослава Шведова негізгі тордың бірінші айналымында біліктілік турнирінің жеңімпаздарының бірімен ойнайды. Зарина Дияс америкалық Винус Уильямспен кездеседі.
Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева екінші айналымнан бастайды. Елена эстониялық Кайя Канепи мен америкалық Лорен Дэвис арасындағы өзара матчта қай жеңгенімен ойнайды. Юлия болса, британдық Хизер Уотсон және негізгі кестеге жолдаманы іріктеу кезеңінде жеңіп алған теннисшілердің бірінің арасында өтетін матчта жеңіске жеткен спортшымен кездеседі.