«Біздің сарапшылар бесінші медальондағы жазбаны оқыды. Жазбада бұл жауынгердің де Қазақстаннан екеніне көз жеткізуге болады. Ол 1909 жылғы Толсыбай Жұмабеков. Ақмола облысының Қорғалжын ауданы Сұлагүл аылдық округінің Екпінді атындағы ұжымшардың тумасы», - дейді Михаил Богданов желідегі жазбасында.
Оның айтуынша, Толсыбай Жұмабеков сүйегі де осыған дейін анықталған ақмолалық жауынгер Кәмен Жұмановтың сүйегінің қасынан табылып отыр.
«Бір қызығы, Жұманов пен Жұмабековтың сүйектері бір шұңқырда болған. Олардың медальондары бір қолмен жазылған және екеуінің де артқы жағы бірдей, көрсетілген күні 21.2.42 жыл. Шамасы, бұл әскерге шақырған күні. Олар бір ауданнан, жерлестер. Әскерге бір күні шақырылған, бірге қайтыс болды және осы уақыт ішінде @konoplevich тапқанша бір шұңқырда жатты. Міне, осындай оқиға, екі дос, екі жолдас Қазақстаннан. Әдеттегідей, қазақ әріптестерімізден жауынгерлердің туыстарын іздеуге көмек сұраймыз», - делінген жазбада.
Айта кетсек, осыған дейін Ресейдің Тверь облысы аумағында үш қазақстандық жауынгердің сүйегі табылған болатын.