Майдангерлерге құрмет көрсетілді
11:36, 09 Мамыр 2009
ҚЫЗЫЛОРДА. Мамырдың 9-ы. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) – Кеше Қызылордадағы Н.Бекежанов атындағы қазақ драма театрында Ұлы Жеңіске 64 жыл толуына арналған салтанатты жиналыс болып өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жиналыста облыс әкімі Болатбек Қуандықов жеңісті жақындатқан барша майдангерлер мен тыл еңбекккерлерін осы айтулы мерекемен құттықтап, оларға өмірдің барша қызықтарын көре беруді тіледі. Облыста сол жылдары сұрапыл соғысқа 70 мыңдай жауынгер аттанған болса, солардың 30 мыңдайы ғана қайтып оралған. Майдан даласында ерен ерлік көрсеткен 21 қызылордалық Кеңес Одағының Батыры атағын алған.
Осы күні қаладағы ?Арбат? мейрамханасында соғыс ардагерлеріне арналған дастарқан жайылды.