Мәйітті жыныстық қатынас үшін қазып алып, содан кейін қайтадан көміп жүрген азғын қолға түсті

None
ТАНА. 28 қыркүйек. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Мәйітті жыныстық қатынас үшін қазып алып, содан кейін қайтадан көміп жүрген азғын ұсталды.

Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте Ішкі істер министрлігі Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің басшысы Нұрділдә Ораз мәлім етті.

Оның атап өтуінше, семейлік полицейлер зират қызметкерлерімен бірлесіп, 56 жастағы әйел адамның қабірін қиратқан тұрақты мекен-жайы жоқ 50 жастағы ер адамды қолға түсірді.

«Ұсталған адам шілде айында таяуда қайтыс болып, жерленген әйелдің мәйітін жыныстық қатынас үшін қазып алып, содан кейін қайтадан көміп жүргені анықталды. Бұндай азғындыққа барған азамат осындай қылмыстық әрекеттерін тамыз және қыркүйек айларының ортасында да жасаған», - деді ол.

Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сот-психиатриялық сараптама белгіленді.