Майк Джонсон АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының спикері болып қайта сайланды
АСТАНА.KAZINFORM — Республикашыл Майк Джонсон бір ғана дауыс артықшылығымен АҚШ Өкілдер палатасының спикері лауазымына қайта сайланды, деп жазады BBC.
Жұма күні Өкілдер палатасы қарашадағы сайлауда сайланған жаңа мүшелермен алғаш рет кездесті. Ол өз жұмысын спикер сайлауынан бастауы керек еді.
Қазір республикашылдарда 219 конгресмен бар, ал демократтарда — 215. Алайда, 119-шы сессия басталмай тұрып кейбір партия мүшелері Джонсонның жұмысына наразы болып, оны жаңадан сайланған президент Дональд Трамп белсенді түрде көтермелегеніне қарамастан, орнын ауыстыруға әрекеттенді.
— Майк тамаша спикер болады, еліміз бұдан тек пайда көреді. Америкалықтар парасаттылықты, күш пен көшбасшылықты төрт жыл күтті, — деді Трамп әлеуметтік желідегі жазбасында.
Алғашқы кездесуге Джонсонның бірнеше республикашыл қарсыластары келмеді. Ал жеңімпаз кемінде 218 дауыс жинауы керек еді. Джонсонның кандидатурасына демократиялық фракцияның жетекшісі Хаким Джеффрис қарсы болды.
Соған қарамастан үш республикашыл болашақ президент үндеуін елемей, Джеффриске дауыс беріп, ішкі партиялық қақтығысқа түсті.
Залда екі минуттай үзіліс болды, содан кейін екі қарсылас өз пікірін өзгерткенін хабарлады. Осылайша Джонсон бір дауыс басымдықпен спикер болып сайланды.
Еске сала кетейік, бұған дейін инаугурациядан 10 күн бұрын Трампқа үкім шығатынын жазған болатынбыз.