Алғашқы раундта, 58 жасар Тайсон ширақ қимылдап, жақсы соққылар жасады. Алайда, екінші раундтан бастап жылдамдық пен күш жағынан өзінен әлдеқайда жас қарсыласына есе жіберіп қойды.
Джейк Пол айқастың тізгінін өзі ұстап, Тайсонды нокаутқа жіберуге тырыспады.
Қортындысында, жекпе-жек 2 минуттан 8 раундтқа созылып, аңыз боксшы төрешілер шешімімен (79-73,79-73,80-72) жеңіліс тапты.
Айқас нәтижесі ресми тіркеліп, Тайсон кәсіпқой карерасында жетінше рет жеңілсе, Пол 11-рет жеңіске жетті.
Айта кетейік, Майк Тайсон салмақ өлшеу кезінде қарсыласына қол жұмсаған болатын.
Сондай-ақ, жекпе-жектің VIP билеті 2 млн долларға саудаланып жатқаны туралы жазған едік.