Әйгілі боксшы Майк Тайсон бүгін Өзбекстан астанасы Ташкент қаласына келді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі Әлихан Асқар.
Айта кетейік, бұл күндері Ташкентте WBC ұйымының 61-ші конвенциясы өтіп жатыр. Бұл шара Орталық Азия елдері арасында Өзбекстанда алғаш рет өткізіліп отыр.
Майк Тайсон қазір осы конвенциясы аясындағы шарада.
17 қарашада Humo Arena-да үлкен кәсіпқой бокс кеші өтеді. Оған Майк Тайсон, Александр Усик, Эвандер Холифилд және өзге де атақты былғары қолғап шеберлері қонақ ретінде қатысады.
Әлихан Асқар
2018 жылы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Әр жылдары облыстық Qostanai, республикалық Astana TV, «Жетінші арна» телеарналарындағы бағдарлама және жаңалықтар бөлімінде қызмет етті. «ҚР Президенті телерадиокешенінде» 2022 жылдың мамырынан бастап еңбек етеді. 2023 жылдан бері Kazinform агенттігінің Өзбекстандағы меншікті тілшісі.