Ол жол-көлік апатынан зардап шеккен мотоциклшіге көмектесті, деп хабарлайды жергілікті БАҚ.
Оқыс оқиға өткен сенбіде Лас-Вегасқа баратын жолда болған. Мотоциклші Райан Чеслиді такси қаққан.
Бұл келеңсіз жағдайға куә болғандардың бірі Тайсон болып шықты. Бұрынғы боксшы жол қозғалысын тоқтатып, дәрігерлер келгенше 29 жасар жас жігітке көмектесіп, содан кейін ғана кеткен. Мотоциклші Майкті ұялы телефонына түсіріп алған.
Дәрігерлер оның аяқ-қолының сынғанын анықтады.
Өзіне көмектескені үшін әлгі жігіт Тайсонның атына алғысын білдірген хат пен жеміс-жидекке толы себет жіберген.