Ресми онлайн билеттерді сату платформасы SeatGeek-те қарапайым билеттер 37 доллардан басталады. Ал ринг бойындағы үш қатар орындардың әрқайсысының бағасы 50 000 доллардан тұрады.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, 58 жастағы Майк Тайсон 15 қараша күні Арлингтон (АҚШ) қаласындағы 80 мың адамдық AT&T стадионында шаршы алаңға оралып, өзінен 31 жас кіші танымал блогер Джейк Полмен (10-1-0,7КО) жұдырықтасады.
Айта кетейік, жепе-жек Netflix платформасында көрсетіледі. Кәсіпқой бокс ережесімен 2 минуттан 8 раундтық жекпе-жек өтеді деп жоспарланып отыр.