Өзінің «ФОТОН» жүк фургонын декларациялаған РФ азаматы тауарларды заңсыз өткізбек болған, деп хабарлады ШҚО-ның кедендік ведомствосынан.
Кеден және контрабандаға қарсы күрес басқармасының қызметкерлері фургонды тексеру кезінде транзиттік декларацияда көрсетілмеген жиһаздың 3 жинағын, балалар және әйелдер киімінің 18 жинағын анықтады.
Кедендік түсімдер басқармасының есебіне сәйкес, декларацияланбаған тауардың кедендік құны 5 222 226, 97 теңгені, кедендік төлемдер мен салықтардың сомасы - 2 014 924,27 теңгені құрады.
Декларацияланбаған тауарлармен байланысты ірі көлемдегі тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.