«Майқайыңалтын» АҚ аумағында авариялық-құтқару жұмыстары күрделі жағдайларда жалғасуда
АСТАНА. KAZINFORM – Авариялық-құтқару жұмыстар демалыссыз, күндізгі уақытта жалғасула. Барлығы 147 адам, 45 техника, 3 кинологиялық есептоп және 2 дрон жұмылдырылды. Шетелдік мамандарды тарту талап етілмейді - деп жазды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі.
Фото: ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі
Жұмыстар қиын жағдайда жүргізілуде, тау жыныстарының құлау қаупі және пайда болған шұңқырдың астында бос орындар бар.
Фото: ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі
Жұмыс істейтін құтқарушыларды жылыту үшін үйінді түбінде шатыр мен калорифер орнатылды, экскаваторшы мен басқа да адамдардың шұңқыр түбіндегі жұмыстарының қауіпсіздігі қамтамасыз етілді.
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің түлегі. Л.Н. Гумелев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің магистрі. "Ақпарат саласының үздігі" салалық төсбелгі иегері (2018 ж.)