Оқиға орнынан түсірілген сурет Instagram әлеуметтік желісінде @ekibastuz_kazakhstan парақшасында жарияланды. Өңірлік денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, «103» нөміріне шақырту бүгін сағат 10.18-де түскен.
«1979 жылғы жүргізуші омыртқасының мойын бөлігі мен кеуде қуысының жарақатын алған. 58 және 34 жастағы жолаушыларда жабық бас жарақаты мен жаралар тіркелген. Үшінші 32 жастағы жолаушының басын тілінген»,- дейді баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиева.
Облыстық ІІД-нің ақпаратына сүйенсек, автокөлік Шідерті кентінің жанындағы темір жол көпірінің жанында аударылған.
Полицейлер тексеру жұмыстарын жүргізуде. Сараптама тағайындалған.