Заманауи үш қабатты оқу ғимаратында жайлы сыныптар, спорт залдары, асхана, екі медициналық кабинет, зертхана, ағаш-металл өңдеу және тігін шеберханалары, кітапхана екі лингафондық, бір мультмедиялық кабинет бар.
Осы оқу жылында Майқайыңда 1370 бала мектепке барады. Ал жаңа білім ошағында үш бірінші сынып бар.
2015 жылдың аяғына дейін Павлодар қаласында екі орта мектеп, Шарбақты ауданындағы Шарбақты ауылында және Ақсу қаласындағы ауылдық аймақтағы Қалқаман кентінде білім ордалары салынатын болады.