Майкл Джексон дүниеден өтсе де табысы толастар емес

АСТАНА. 24 қазан. ҚазАқпарат - Майкл Джексон өмірден өтсе де, биылғы жылы 160 миллион доллар табыс тауып, осымен үшінші рет ең бай танымал өнер қайраткері болып табылды.

Әншінің мұрагерлеріне негізгі кірісті Cirque Du Soleil шоуы және Sony/ATV дыбыс жазу компаниясы әкелген.

Бұл тізімде екінші орынға Элвис Пресли ие болды. Оның есебінде 55 миллион доллар бар. Көшбасшылардың үштігінде 37 миллион доллар таза пайда тапқан Peanuts комикстар жасаушысы Чарльз Шульц тұр.