Кеше батыстық агенттіктер жүрек талмасы деген күдікпен әншінің шұғыл түрде ауруханаға жеткізілгенін мәлім еткен еді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.
Бұқаралық ақпарат құралдары «поп-музыка королі» деп дәріптеген Джексон соңғы жылдары концерттік қызметін тоқтатқан болатын. Сансыз пластикалық операциялар жасатқан оның денсаулығының жай-күйіне дәрігерлер қатты алаңдаушылық танытатын.