2009 жылдан бастап Jay-Z, Тэйлор Свифт және Канье Уэсттің кірісін қосқанда $544 млн. шығады. Ал, Джексон бұл уақыт аралығында олардың үшеуін қоса алған пайдасынан артық сомаға - $700 млн. қол жеткізе білді. Thriller авторының 5 жыл бұрын көз жұмуы бұған кедергі болмады. Танымал адамдардың бірі де поп-музыка королімен терезесін теңестіре алмайды. Джексонның өлім алдындағы Xscape альбомы Billboard чартында 2 орында болды. Кейін оның өлеңі Billboard Music Awards-да шырқалды. «Ол супержұлдыз болды», - дейді рэпер Кристофер Ludacris Бриджес Michael Jackson, Inc. кітабындағы сұхбатында. - Оның әндерін тыңдағанда, керемет энергияны сезінесің. Оны сөзбен жеткізу қиын».
Поп-музыка королінің бірнеше пайда көзі бар: оның табыс көздерін дәстүрліден бастап революциялыққа дейін жіктеуге болады.