Майкл Джексон өмірден озған танымал тұлғалар рейтингінде көш басында тұр

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Forbes журналы көзі тірісінде қалдырған мәдени мұрасы өзі дүние салғаннан кейін де табыс әкелетін танымал тұлғалардың биылғы жылғы рейтингін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат bbc.com-ға сілтеме жасап.

   Биылғы тізімде Майкл Джексон екінші орындағы Элвис Преслиден он есе көп «табыс алған».

Журналдың мәліметтеріне сүйенсек, 2009 жылы өмірден озған әншінің артында қалдырған мұралары арқылы жасалған операциялар 2017 жылдың қазанынан 2018 жылдың қазан айына дейін 400 млн доллар әкелген. Элвис Преслидің биылғы «табысы» - 40 млн.

Үшінші орын гольф шебері Арнольд Палмерге тиесілі болды.

Үздік ондыққа кірген танымал тұлғалар мыналар:

1. Майкл Джексон, әнші - 400 млн доллар

2. Элвис Пресли, әнші - 40

3. Арнольд Палмер, гольфші - 35

4. Чарльз Шульц, суретші - 34

5. Боб Марли, музыкант - 23

6. Доктор Сьюз, жазушы әрі мультипликатор - 16

7. Хью Хефнер, Playboy журналының негізін қалаушы - 15

8. Мэрилин Монро, актриса - 14

9. Принс, музыкант - 13

10. Джон Леннон, музыкант - 12.

Соңғы жаңалықтар