Майкл Джексон сахнаға пілге мініп оралады

ВАШИНГТОН. Наурыздың 26-сы. ҚазАқпарат - Танымал жұлдыз Майкл Джексон сахнаға пілге мініп оралғалы отыр.

Оған қоса, әнші оның болашақ гастрольдерін ұйымдастырушыларға маймылдар, алтын шынжырлы пантералар мен тоты құстар тауып беруді өтінуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат РСН агенттігіне сілтеме жасап. Джексонның әлемдік гастроліне сондай-ақ африкалық Масаи халқының 100 сарбазы да қатысуы мүмкін. Джексон думанды концертінің бұрын-соңды ешкім өткізбеген ерекше шара болғанын қалап отыр.