Майкл Джексон туралы фильм түсіріледі

АСТАНА.  Тамыздың  11-і.  ҚазАқпарат -  Қазан  айында  Майкл  Джексонның ақырғы    репетицияларының түсіріліміне негізделген фильм   жарық көреді.    Фильмді   Columbia Pictures компаниясы  түсіргелі   отыр,

деп хабарлайды   РСН агенттігі.

Фильм  1,5 сағатқа созылатын болады.   Джексонның     дайындығының    үзінділері    оның сұхбаттарымен араластырып  беріледі.

 Өткен  демалыс күндері  Майкл  Джексонның  денесі    жер қойнына берілгенін, әншінің   Лос-Анжелестегі Форест Лаун   зиратына  жерленгенін ҚазАқпарат  бұдан бұрын  хабарлаған болатын.

Жабық  жағдайда  өткен рәсімге     поп-музыка королінің  тек  туыстары  ғана қатысты.  Ал  әншінің   денесі    жер қойнына берілген  жер     қатаң түрде құпия сақталуда.  Туыстары музыкантты  сот-медицина сарапшылары Джексонның миын  қайтарғаннан кейін ғана жерлеп  отыр.   Сарапшылар  әншінің миына токсиологиялық  талдаулар жүргізген болатын.