Концерт таратылуы Facebook пайдаланушыларына қолжетімді болмақ, деп хабарлады All Things Digital .
Әлеуметтік желінің пайдаланушылары Milyoni компаниясы жасаған қосымша көмегімен концертті көре алады. Виртуальдық билеттер құны концерт болатын күні бес долларға жуық, ал оның алдындағы күндері - төрт долларға жуық болады. Сондай-ақ билеттерге Facebook «несиелері» - әлеуметтік желінің виртуальдық валютасы арқылы төлем жасауға болады.
Джексонды еске түсіруге арналған концертте Бейонсе, Кристина Агилера, Black Eyed Peas тобы және басқа да танымал орындаушылар өнер көрсетеді. Кешті жүргізуші актер әрі музыкант Джейми Фокс. Ал концерттің өзіне билет құны секторға байланысты 85 пен 195 доллардың аралығында болмақ.