Майкл Джексонды жерлеу рәсімі қыркүйектің 3-іне жылжытылды

АСТАНА. Тамыздың 22-сі. ҚазАқпарат - Майкл Джексонды жерлеу рәсімі тамыздың 29-ынан қыркүйектің 3-іне ысырылды. Бұл туралы хабарлаған әншінің отбасы, бірақ оның себебін нақтыламаған.

«Рейтер» агенттігінің  ақпараты  бойынша,      маусымның  25-інде   қайтыс  болған   Джексон  Лос-Анжелестің  шетіндегі  зиратқа жерленеді.   Тамыздың 29-ында   «Поп  музыка королі»   51 жасқа толған  болар еді.