Майкл Джексонның дәрігеріне іспен танысуға уақыт берілді

АСТАНА. 3 наурыз. ҚазАқпарат - Майкл Джексонның дәрігерінің соты 9 мамырға ысырылды. Бұған дейін Майкл Джексонның бұрынғы кардиологының ісі бойынша сот тыңдаулары 24 наурызда басталатыны хабарланған болатын.

Тараптарға іс материалдарымен танысуға көбірек уақыт керек деп таныған Лос-Анжелес жоғары сотының судьясы сот күнін ауыстыру туралы шешім қабылдаған.

Джексонға пропофол сияқты қатты әсер ететін анестетик беріп келген дәрігер Мюррейге қасақана адам өлтірді деген айып тағылып отыр.