Майкл Джексонның денесі жер қойнына берілді

АСТАНА. Тамыздың 10-ы. ҚазАқпарат - Өткен демалыс күндері Майкл Джексонның денесі жер қойнына берілді. Әнші Лос-Анжелестегі Форест Лаун зиратына жерленді,

деп хабарлайды  РСН агенттігі.

Жабық  жағдайда  өткен рәсімге     поп-музыка королінің  тек  туыстары  ғана қатысты.  Ал  әншінің   денесі    жер қойнына берілген  жер     қатаң түрде құпия сақталуда.  Туыстары музыкантты  сот-медицина сарапшылары Джексонның миын  қайтарғаннан кейін ғана жерлеп  отыр.   Сарапшылар  әншінің миына токсиологиялық  талдаулар жүргізген болатын.