People журналы әншінің өкіліне сілтеме жасап жазуынша, қазан айында Джексон жүкті екендігін растаған. Ол кезде басылым аяғы ауыр әншінің түгел ақ киімге киінген суретін орналастырған болатын.
Поп-музыка королі Майкл Джексонның кіші қарындасы отбасын жоспарлауға ден қою үшін әлемдік турнеден бас тартатынын сәуір айында-ақ мәлімдеген болатын.
Ол 2012 жылдың желтоқсанында Катар миллиардері Виссам аль-Манмен жасырын түрде некелескені хабарланған болатын.
Джанет Джексон сахнаға 7 жасынан шыға бастады. 1976 жылы The Jacksons сериалына түсті. 16 жасында Джексон A&M рекорд-лейблімен келісімшартқа қол қойды, көп ұзамай оның алғашқы альбомы жарыққа шықты. Billboard журналының мәліметінше, әнші поп-музыка тарихындағы сатылымы ең жоғары орындаушылардың тізіміне енеді.