Майкл Джексонның "Майкл" деп аталатын альбомы жарыққа шығады

АСТАНА. 13 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін Майкл Джексонның "Майкл" атын иеленген альбомы жарыққа шығады. Альбом 2001 жылғы «Жеңімпаз» ("Invincible") альбомынан кейінгі - 10 жылға жуық «поп музыка королінің» бұрын шықпаған әндерінің жаңа жинағы болады,

деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

Осы альбомды шығарушы "Сони мьюзик" компаниясы мұның түп негiзiнде «алғаш жазылған» музыкалық материалдар жатқанын мойындады. Әнші қайтыс болғанға дейін бұл әндермен жұмыс істелмепті.