Осыдан бес жыл бұрын өмірден озған әншінің мұрасын АҚШ-тың әуен жазатын индустриясының жетекші продюсерлері мен менеджерлері дайындаған. Олардың жұмысының нәтижесі XSCAPE альбомы болмақ. XSCAPE топтамаға кірген бір композицияның аты.
2010 жылы Sony компаниясы Джексонның талантына табынушыларға арнап Michael студиялық альбомын шығарған еді. Бұл ол қайтыс болғаннан кейінгі тұңғыш ән жинағы болатын, деп хабарлайды Утро. ру.