Поп-музыка королі Майкл Джексонның жұртшылық әлі естімеген тоғыз композициясы мен үш ремиксінен тұратын "Библия" альбомы бәссаудаға шілде айында Нью-Йоркте шығарылады.
Атап өтілгендей, музыкалық дисктің мұқабасы әрленбеген - тек ақ қағазға релиздің аты ғана жазылған. Аукцион үйіне бұрын-соңды жарық көрмеген альбомды алып келген адам өзін Майкл Джексонның досымын деп таныстырып, есімін жарияламауды сұраған.
Дисктің бастапқы құны 50 мың доллар. Алайда аукцион ұйымдастырушылары оны кем дегенде миллион долларға сатуға үмітті. Бұл ретте, альбомды иеленген азамат оны көбейтіп, тарата алмайды. Себебі музыканы иеленуге құқығы болмайды.