Майкл Джордан ең көп табыс тапқан спортшы атанды

Фото: Фото: Don Juan Moore/Getty Images

АСТАНА. KAZINFORM - Америкалық баскетболшы Майкл Джордан Sportico нұсқасы бойынша қаржылық жағынан ең табысты 50 спортшының тізімін бастады

Зерттеуге сәйкес, аты аңызға айналған спортшы өз мансабында инфляцияны есепке алғанда, (инфляцияны есепке алмағанда 3 млрд) 4,15 млрд долларға жуық табыс тапқан.

Бұл сома басқа титулды спортшылардың табысынан айтарлықтай асып түседі. Америкалық гольф ойыншысы Тайгер Вудс 2,79 миллиард доллар табысымен екінші орында, үздік үштікті Португалия футболшысы Криштиану Роналду 2,23 миллиард доллармен түйіндеді.

Джорданнан айырмашылығы, бұл спортшылар белсенді спорттық мансабын жалғастыруда.

Баскетболшы Леброн Джеймс (1,88 миллиард доллар) пен футболшы Лионель Месси (1,85 миллиард доллар) бестікке енді. Үздік ондықты америкалық гольфшылар Арнольд Палмер мен Джек Никлаус, футболшы Дэвид Бекхэм, теннисші Роджер Федерер және боксшы Флойд Мейвезер аяқтады.

Тізімдегі басқа да көрнекті спортшылар қатарында 1,39 миллиард доллар табысымен 12-ші орын алған Формула-1 жарысушысы, жеті дүркін әлем чемпионы, көптеген Формула-1 рекордтарының жүлдегері Михаэль Шумахер және 25-тікке енген ең көп табыс тапқан америкалық футболшы Том Брэди бар. Ең табысты бейсболшы 22-ші орынға ие болған Алекс Родригес болды.

Тізімдегі барлық 50 спортшының жиынтық табысы инфляцияны ескере отырып, 53,2 миллиард долларды құрады. Бір қызығы, тізімде тек сегіз спорт түрінен спортшылар бар, ал ондағы жалғыз әйел теннисші Серена Уильямс, ол 40-орынға тұрақтаған.

Еске сала кетейік, Forbes әлемдік рейтингіне қанша қазақстандық миллиардер енгені жайлы жазған едік.