«Майкрософт корпорациясы 12 жыл бойы Windows XP жүйесін қолдап келді. Ендігі жерде бізге және біздің әріптестерімізге жұмыс жасаудың тиімді тәсілдерін қолдануға мүмкіндік беретін заманауи технологияларға инвестиция салу қажет. Сондықтан 2014 жылдың 8 сәуірінен бастап біз Windows XP-дің техникалық қолдауын тоқтатып, компьютердің қорғанысын күшейтетін автоматтық жаңару жүйелерін шығаруды доғарамыз», - делінген хабарламада.
Хабарламада көрсетілгендей, аталған күннен бастап қолданушы Windows XP үшін Microsoft Security Essentials бағдарламасын жүктей алмайды. Егер Windows XP-ді қолдануды жалғастыра берсе, компьютер вирустар мен түрлі қауіпсіздік шараларына қарсы бағдарламаларға осал болып қалады. Сарапшылар қауіпсіздік мақсатында жеке компьютердің бағдарламалық қамтамасыз ету жүйесін жаңартуға кеңес береді.