19:03, 24 Наурыз 2009
Майкрософт корпорациясы жаңа браузер шығарды
АЛМАТЫ. Наурыздың 24-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Майкрософт корпорациясы Internet Explorer 8 браузерін шығарды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат корпорацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Жаңа браузер пайдаланушылардың негізгі қажеттілігін қанағаттандырушы деп табылып отыр. Оның ішінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қолдануды қарапайымдау және өнімділік қамтылған. Бұл интернетпен жұмыста қазіргі таңдағы ең озық шешім болмақ. Ол өнім 25 тілде ұсынылып отыр. Олардың арасында ? араб, қытай, ағылшын, фин, француз, неміс, грек, венгр, итальян, жапон, орыс, испан, швед, түрік және тағы басқа тілдер бар. Жаңа браузерді интернетті пайдаланушылар http://www.microsoft.com/ie8 сайтынан жүктеп ала алады. Оған наурыздың 19-ынан бастап мүмкіндік жасалған. «Біздің клиенттерге қауіпсіз, жылдам және қолдануда қарапайым веб-браузер қажет. Internet Explorer 8 браузері қажетті ақпаратты тез табады және өзіне теңдессіз қорғау деңгейін қамтамасыз етеді», дейді корпорацияның бас директоры Стив Балмер.