деп хабарлайды ҚазАқпарат «Майкрософт Қазақстан» компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Майкрософт бұған дейін Windows Server 2000-ды қолдауды аяқтап, Windows 2003 өнімін негізгі қолданудан жалғастырмалы қолдануға көшіреді. Енді шілденің 13-інде Windows XP SP2 және Windows 2000 Professional-дың қолдану мерзімі аяқталады. Қолдануды аяқтау 2002 жылы енгізілген «Microsoft өнімдерін қолдану циклдеріне» сәйкес жүргізіледі және операциялық жүйелердің көрсетілген нұсқалары үшін қауіпсіздік жаңартулары шығарылмайды. Қолдануды аяқтау кезінде қолданушылар Windows басқаруындағы компьютерлер қауіпсіздігін қамтамасыз етуде мынадай шараларды жасауы маңызды болмақ. Бірінші операциялық жүйені жаңартқысы келгендер оны Windows 7-ге дейін жаңартқаны жөн. Ол әуелбаста заманауи пайдаланушылардың көбеюіне сай болатындай етіп жасалған. Онда желілерді, мобильді жұмысты, көңіл көтеру бағдарламаларды, мәліметтер қорғауды және үйлесімдікті қолдау кеңейтілген. Ол жылдамырақ, сенімдірек, қауіпсіздігі жоғары және пайдалануға оңай. Екінші, жаңарту жасауға дайын тұлғаларға және Windows XP немесе Windows Vista-ны пайдалануды жалғастырушыларға Windows Update арқылы Windows XP үшін SP3, ал Windows Vista үшін SP2-ні - жаңартылудың соңғы пакетін тегін жүктеп алуға кеңес беріледі. Компьютерді жаңартуға браузерді Internet Explorer 8-ге дейін жаңартып алу және Microsoft Security Essentials антивирусын тегін жүктеп алу да кіреді.